Биыл елімізде алғаш рет аналар күні тойланды. Бұл -тіршіліктің тұтқасы болған барша аналарға деген құрмет. Атаулы күнге орай «Анаға тағзым» орталығында тағылымды шара өтті.

Сыр елінде ерлермен бірдей еңбек сіңірген аналар аз емес. Солардың бірі – Жадыра Таспамбетова. Соцалистік еңбек ері жаны нәзік болса да, уағында қажырлы қызмет атқарды. Үй мен түздің жұмысын қатар ұстап, бейнеттен береке тапты. Таспамбетовның бойындағы осынау қайсар мінез қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге. Тағылымды іс-шарада сөз алғандар ана жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.

САЙЛАУ КЕЙҚУАТОВ – Ж. ТАСПАМБЕТОВАНЫҢ ҰЛЫ //Анаға деген сағынышым бар ішімде жүрген. 2010 жылы анамыз 57 жасында дүниеден озды. Анадан алған тәрбием жетеді. Жастайымыздан тәрбиелеп өсірді. Өмірі менің атағыма кір келтірмеңдер деп өсірді ғой.

Атаулы күнге орай «Анаға тағзым» орталығы үздік пост байқауын жариялаған болатын. Мереке мезіретінде байқау жеңімпаздары марапатталды.

ЖАНАР САҒЫНДЫҚОВА – «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Үздік пост байқауына 50-ден аса эссе жұмыстары келіп түсті. Өте қуантатыны Қызылорда облысынан бөлек өңірлер БҚО, Түркістаннан көптеген жазбалар келді. әрбірінің орны бөлек. Бір эссенің мазмұны бір бірінен ерекше.

ЕҢЛІК ОҢТАЛАП – БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ //Мен өзімнің эссемде қазіргі заманда қаншалықты жаһандану дәуірі болғанменен ешқандай технология, ешқандай жасанды интеллект ананың жылуын, ананың шынайы сезімінің алмастыра алмайтындығын жеткізгім келді. Менің анам әрдайым адал бол, адам бол деп үйретеді.

Мазмұнды мерекені биыл еліміз алғаш рет атап өтті. Түгел тіршіліктің тұтқасы болған аналар қашанда құрметті. Ал ұлттық құндылықтарды ұлықтауды мұрат еткен орталық ана болмысын насихаттауды жалғастыра бермек.