Жалағаш ауданындағы «Таң» ауылына кіреберіс абаттандырылып, әлеуметтік нысандарға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, «Таң LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл тұрғындарына арналған екі пәтерлік 10 тұрғын үй салып, 3 өндірістік базаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы обыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Нұрлыбек Нәлібаев: «Демеушілер есебінен салынып жатқан құрылыстарға қолғабыс ету керек»,- деді. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардағы жұмыстардың сапасына баса мән беру керегін айтты.

Сондай-ақ, жиында "Қорқыт Ата" әуежайының аумағындағы жұмыстар пысықталды. Бүгінде әуежайдың ішкі жұмыстары толық аяқталып тұр. Қазір терминалдың айналасын абаттандырып, инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 4 млрд. 300 млн.теңге қаржы бөлінген.