Жұмыссыз жүрген азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру бойынша жұмысқа орналаса алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жобаны іске қосты. Осы бағдарлама аясында бос жүрген адамдар жапа шеккен аймақтарға көмектесіп, тұрғын үй салу және инфрақұрылымды жөндеу шараларына қатысып, ақылы еңбек ете алады.
Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады. Ұнаған қызметке өтініш тастап, бірнеше әңгімелесу барысынан өтеді. Қазір платформада 42 бос жұмыс орны бар.
Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шекті.