Қызылордалық полицейлер 11 жылдан бері тергеуден бой тасалап, іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді.

Күдікті 24-25-ші сәуір күндері республика көлемінде өткен «іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде ұсталған. Оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Мұнан бөлек, рейдтік іс-шара барысында 3 күдікті құрықталды. Оның ішінде қарақшылық жасап, бүгінге дейін бой тасалап келген 39 жастағы қызылордалық бар. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті Жетісу облысында қолға түсті. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.