Мамыр айында облыстың оңтүстігінде сынап бағанасы 43 градусқа дейін жоғарылайды. Жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл да күтіледі. Синоптиктер тағы қандай болжам жасап отыр?

Жауын-шашын, екпінді жел, аптап ыстық. Синоптиктер мамыр айында ауа-райы тұрақсыздау болады деп отыр. \

ӘЙГЕРІМ ЖӨКЕЛОВА - «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ОБЛЫС БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

 / Жалпы мамыр айында жауын-шашынның мөлшері облыстың басым бөлігінде мөлшер шамасында аз күтіледі, тек облыстың солтүстік бөлігінде мөлшер шамасында күтіледі деп болжануда. Сонымен қатар бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің аяғында және үшінші онкүндіктің басында облыс бойынша жаңбыр, найзағай, шквал күтіледі. Желдің екпіні болуы 15-20 м/с облыстың орталығында, яғни Қармақшы ауданында 23-28 м/с көтерілуі күтіледі/

Көктемгі дала жұмыстары өз алдына, әдетте мамыр айында көпшілік табиғат аясына демалуды қалайды. Бұл ретте синоптиктер шаңды дауыл жиі болатынын ескертуде. Сондай-ақ мамыр айының екінші онкүндігінде оңтүстік аудандарда ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Ал, алғашқы онкүндікте түнде 7-17, күндіз 23 - 37 градус аралығында жылы болады.