Өнер саласынан ақпар. Жерлесіміз талантты кинорежиссёр Олжас Ибраевтың кезекті туындысы жарыққа шықты. «Лай» атты кинокартина әлден көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Фильм триллер, детектив жанрында түсірілген. Осы арқылы қоғамдағы ең өзекті мәселені қозғайды. Көрерменге ой салуымен ерекше. Яғни, отбасындағы зорлық-зомбылықты көрсете отырып, батпаққа батып, жолдан тайған азғындықтан жиренуге шақырады. Режиссёр киноны көріп отырған халық жастардың үйден тыс, сырттағы бейнесін экраннан қарап, сабақ алуды көздедік, дейді. Айта кетейік, Сыр перзенті Олжас Ибраевтың бұл туындысын жұртшылық «Жібек Жолы» сауда орталығының кино залынан тамашалай алады.