Аймақ спортында айтулы жаңалық! Жоғарғы лигада өнер көрсететін қызылордалық «Қайсар» волейбол командасы Қазақстан чемпионатында екінші орынға ие болды.

Мұндай нәтижеге қызылордалық команда алғаш рет қол жеткізіп отыр. Жоғарғы лигада ерлер құрамы 25 ойын өткізіп, соның 18-інде жеңіске жеткен. Осылайша, сыр спортшылары 48 ұпай еншіледі. Айта кету керек, 2017 жылы ғана құрылған «Қайсардың» құрамы жергілікті жастардан жасақталған. Содан бері жоғарғы лигада өнер көрсетіп, тәжірибе жинақтаған команданың алға қойған негізгі мақсат ұлттық лигада өнер көрсету.

ЕРБОЛАТ ОРЫНХАНОВ – «ҚАЙСАР» ВК КАПИТАНЫ // Қорқыт командасы болған. Одан кейін Қайсар ашылды. Содан бері 3-ші орынды үш рет алдық. Осы екінші орын облыс тарихында бірінші рет болып жатыр. Құдай қаласа, алдағы уақытта чемпион боламыз деп ойлаймыз.

НҰРБОЛАТ АЛТЫНБАЕВ – «ҚАЙСАР» ВК БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ // Біздің ең бірінші мақсатымыз жергілікті балаларды дайындап шығару. Сонымен бірге жүлделі орындарға ие болу. 1:01-/ Құдай қаласа, біздер ұлттық лигагаға шықсақ па деп жатырмыз. Өйткені, бізде Қазақстан ұлттық құрамасына кірген жас балалар бар.