Ұлттық құраманың ойыншысы, Сыр футболының түлегі Асхат Тағыберген арнамызға эксклюзивті сұқбат берді. Кәсіби футболшы «Сыр өңірінде салынатын жаңа стадион жас футболшылардың болашағына жол ашпақ. Сонымен қатар спорт нысанының УЕФА талаптарына сай болуы өңірдің ғана емес, ел футболындағы айшықты оқиға саналады» дейді.