Келесі бейнематериалымыз қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан әзербайжан қызы Зейнеп Нұриева туралы болмақ. Қазір оның жасы жетпісте. Жалағашта тұратын ол халқымыздың құндылығын бойына сіңіргені соншалық өзін нағыз қазақ сезінеді. Ұлттық қолөнерді өрістетіп, оны кәсіп көзіне айналдырып отыр.

Біздің түсірілім топ барған сәтте Зейнеп Нұриева есік алдындағы бақшасын тазалап, немерелерін еңбекке баулып жүр екен.

Кейіпкеріміз бесаспап. Оның ата-анасы ертеректе Әзербайжаннан қоныс аударған. Ал, өзі Жалағаш ауданындағы Қаракеткен ауылында дүниеге келген. Тумысынан қазақы тәрбие алып өскендіктен үнемі елдің тілеуін тілеп, кішкентайларды айналып-толғанып отырады. Ал қазақтың ұлттық ою өрнегін үйлестіріп жасаған көрпесі көздің жауын алады.

ЗЕЙНЕП НҰРИЕВА, ӘЗЕРБАЙЖАН ҰЛТЫНЫҢ ӨКІЛІ \

20 жасымда қазаққа келін болып түстім. Содан бері қазақтың әдет ғұрпы үйреніп жатқаным. Шиқұрақ деген болады. Құрақ көрпешені құраймыз, тігеміз.... \

ЖҰЛДЫЗАЙ НҰРИЕВА, З.НҰРИЕВАНЫҢ ҚЫЗЫ \

Анамыз айтқандай айналып келгенде бәріміздің еңбекке баулып жатыр. Мынаның өзі көздің майын таусады. Кішкентай нәрседен құралады. Осы кісілердің тәрбиелеуінің арқасында жаман семья болған жоқпыз. Үш ұлым бар, үш келінім бар. Мен енді жиенмін ғой өзге ұлтқа\

Зейнеп Нұриеваның бұрынғы үйі ескі әрі тар болатын. Сондықтан ауылдың ақжарқын азаматтары осыдан екі ай бұрын оған кеңдеу баспана алып берген.

ЗЕЙНЕП НҰРИЕВА, ӘЗЕРБАЙЖАН ҰЛТЫНЫҢ ӨКІЛІ \Қазақ жігітіне, Табын еліне келін болып түстім. Мына Әзербайжанның қызы деп сыртқа теуіп жатқан жоқ. Қазақтың қыз-жігіттері менің жағдайымды көріп тар тамнан кең үйге әкеліп отыр ғой\

Бірлік бар жерде, тірлік бар. Кезінде қой бағып шопан атанған жан қазір бағбандық пен тігіншілікті қатар алып жүр. Қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, шаңырақтың түтінін түтетіп отырған Әзербайжан қызының бұл ісі көпке үлгі.