Қызылордада «Технологиялар және инновацияларды қолдау орталығы» ашылды. Енді, аймақ ғалымдары мен өнертапқыштар өздерінің өнімдерін осы орталық арқылы паттенттей алады.

Сондай-ақ, зияткерлік қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру үшін ақпараттық қолдау көрсетіледі. Бизнес-тұжырымдамалар мен бизнес-жоспарларды коммерцияландыру мақсатында құжаттар әзірленеді. Бұл Әділет министрлгінің Ұлттық зияткерлік меншік институты мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің келісімімен жүзеге асып отыр. Айта кетейік, жаңа орталық Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында ашылды.

НҰРЖАН ЕДІЛБАЕВ – ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ // Орталық өзінің жұмысы нәтижесінде мынау өңіріміздегі зияткерлік меншік саласындағы жетістіктерді құжатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта орталық қызметкерлері арнайы оқудан, біліктілік жетілдіруден өтіп, өңірімзідегі осындай зияткерлік меншік саласындағы жаңалықтарға, ғалымдарға көмек көрсетуге жұмыс жасайды.