Аймақта 501 994 сайлаушы тіркелген
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының басталғанына 6 сағаттан асты. Ширек ғасырлық үзілістен кейін тұңғыш рет дербес өтіп жатқан саяси науқанның маңызы зор. Таңғы жетіден бері Сыр жұртшылығы өз таңдауын жасауда. Аймақтағы сайлау учаскелерінің жұмысы мен тұрғындардың белсенділігі туралы тілшіміз Бекзат Есқалиев студиямен тікелей байланысқа шығып айтып берді.