Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі мен зиялы қауым өкілдері дауыс берді

Облыс әкімі мен зиялы қауым өкілдері дауыс берді

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында облыс әкімі өз таңдауын жасады. Мұрат Ергешбаев «Құзыреттілік орталығында» орналасқан №222 сайлау учаскесінде дауыс берді. 


Сондай-ақ мұнда өңірдің зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен мемлекеттік қызметшілер өз таңдауын жасауда. Аталған учаскеде 2382 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде мүгедектігі бар 60 тұрғын болса, 20 азамат алғаш рет дауыс беруде. Ғимарат маңында мерекелік көңіл-күй сезіледі. Бұл ел болып ертеңді қамдаудың бір көрінісі, дейді ел ағалары. 


БЕКМЫРЗА ЕЛАМАНОВ – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ "Биыл үлкен реформалар жылы: жаңа конституциямыз қабылданды. Бүгінгі сайлау да сол жаңартылған конституция негізінде жасалып жатқан сайлау. Кешегі құрылтай, құрылған халық кеңесінен бастап, бүгінгі сайланып жатқан мәслихаттардың барлығының жұмыс нәтижесі уақытпен көрсетіледі. Бұл бірден болмайтын нәрсе, алдағы уақытта осының бәрінің жақсы нәтижесін көреміз, деп сенеміз."


МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ "Конституция бойынша біз екі палатаны жойып, орнына бір палата құрылды. Енді соған сәйкес, мәслихаттардың өкілеттігі сұрақ боп қалған еді. Сондықтан, президент тапсырмасы бойынша мәслихаттардың барлығын мерзімінен бұрын таратып, жаңа сайлау ұйымдастырылып жатыр. Жергілікті мәслихатты көбісі түсіне бермейді, бұл аудандық, қалалық және ір республикалық деңгейдегі 3 қаланың депутаттары бұлардың уәкілеттілігі өте зор. Біріншіден, олар сол жергілікті жердің бюджетін бөлуде жетекші рөл атқарады. Екіншіден, жергілікті жерлердің әлеуметтік, экономикалық, тереториялық мәселелерінде шешім қабылдауда толық құзыреті бар. Сондықтан да салыстырмалы түрде сайлауға көбірек қатысты. Бір орынға республика бойынша 4-5 адамнан келді. Бұл да үлкен қызығушылық деп білеміз."  

Бөлісу