Облыс бойынша 67 инватакси қызмет көрсетуде
Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне барлық жағдай жасалған. Бүгін өңір бойынша 67 инватакси мен 45 сурдо маман жұмыс істеуде.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде орналасқан №366 сайлау учаскесінде мүгедектігі бар 183 азамат тіркелген. Мұнда олардың өз таңдауын жасауына толық мүмкіндік қарастырылған.
Жалпы, облыста 67 инватакси қызмет көрсетіп жатыр. Оның 26-сы Қызылорда қаласында, үшеуі Байқоңырда, ал қалған 38-і аудандарда. Сондай-ақ, өңірде дауыс беру құқығына ие мүгедектігі бар 21 431 сайлаушы тіркелген. Олардың арасындағы есту және сөйлеу қабілеті төмен жандарға қажеттілігіне қарай 45 сурдо маман ым-ишара тілінде қызмет көрсетуде.