Негізгі Жаңалықтар Ұлттық құндылықтар ұлықталған сайлау

Ұлттық құндылықтар ұлықталған сайлау

Жаңақорған ауданында өтіп жатқан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы ұлттық нақышымен ерекшеленуде. Бұл – саяси науқанның мазмұнын ұлттық құндылықтармен сабақтастырған тағылымды бастама. Ал сайлау барысы заң талаптарына сәйкес, ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырылуда.


АСҚАР ТӘЖИЕВ – ТІЛШІ

"Жаңақорған жұрты таңғы жетіден бастап сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Мұнда 42 сайлау учаскесі жұмыс істеуде, оның төртеуі жабық учаске. Жалпы аудан бойынша 46680 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Негізінен аудандық мәслихатқа 15 депутат сайлануы тиіс. Елдің сеніміне ие болу үшін кандидат ретінде 45 азамат тіркеліпті. Яғни бір орынға үш үміткерден келіп отыр."


Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесі белгіленген тәртіппен жүргізілуде. Сайлау комиссиялары азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруына қажетті жағдай жасаған. Әрбір дауыс – ел болашағына бей-жай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі. 

Бұл күні аудан көлемінде 30-дан астам автоволентер ерікті түрде қызмет етіп, тұрғындардың дауыс беру орындарына жетуге көмек көрсетті. 

Ұлттық құндылықты ұлықтау мен азаматтық жауапкершілік тоғысқан бұл күннің мәні терең. Өйткені елдік мүдде ортақ шешімнен, ал демократиялық қоғамның дамуы әр азаматтың белсенді таңдауынан басталады. Бүгінгі саяси науқанның басты маңызы да осында.

Бөлісу