Аралдықтар дауыс беріп жатыр
Аралдықтар да Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына барып, өз таңдауларын жасап жатыр.
ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ
"Арал ауданында Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты 56 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Оның біреуі аудандық көпбейінді ауруханадағы жабық учаске. Қалғандары білім беру ұйымдары мен мәдениет үйлерінде орналасқан. Жалпы, аудан бойынша 47 510 сайлаушы бар. Дауыс беру құқығына ие азаматтар азанғы жетіден бастап сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Айта кету керек, Арал ауданынан облыстық мәслихат депутаттығына 6, аудандық мәслихатқа 45 кандидат түсіп отыр."
НҰРБЕК ЗАҒАТОВ, АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
"Бүгінгі таңда мүгедектігі адамдарға қалада жалпы 5 инватакси қызмет жасап жатыр. Оның біреуі газель автокөлігі, 4-еуі жеңіл автокөлік. Қазіргі таңда сайлаудың әділ, ашық өткізу үшін жалпы кандидаттардың сенімді өкілдері 101 адам байқаушы тіркелген. Жалпы, сайлау барысында учаскелік комиссияларға, аудандық сайлау комиссиясына ешқандай арыз-шағым тіркелген жоқ. Жалпы алғанда Арал ауданы бұл сайлауды өз деңгейінде өткізіп жатыр."