Қадағалау органдары облыста жол-көлік оқиғалары тым жиілеп кетті деп дабыл қағуда. Жыл басынан бері 169 көлік авариясы тіркелген. Соның салдарынан түрлі жарақатпен 231 адам емдеу мекемесіне жеткізілсе, 27 адам көз жұмды.

Қарсы бағытқа шығып кету, аударылу, жаяу жүргіншіні қағып өту, ережені бұзу, скутер айдап жол инцидентіне тап болу сынды түрлі себеп бар. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мынадай әрекет алгоритмі жасалмақ.