Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ. Болашаққа анық қадам жасау барысында жасөспірімдерге арналған спорттық жарыстардың алатын орны бөлек. Соның бірі бүгін қаламызда өтіп жатыр.

ДИАС ҚОЙШЫБАЙ – ТІЛШІ

«Спорт - денсаулық кепілі. Қаламызда КСРО Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бахтай Сапеевті еске алуға арналған Республикалық турнир өз бастауын алды. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүз елуге жуық спортшы үш күн бойы бақтарын сынап, шын мықтыны анықтап көретін болады.»

БАҒДАТ ОСПАНҰЛЫ - ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ, АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

«Бахтай Сапеев Дауытұлы – СССР тұсында өте жақсы өнер көрсеткен, елімізді әлемге танытқан, боксқа үлесі көп, еңбегі сіңген кісі. Бұл турнирді ұйымдастыруға бір жылдан бері дайындалдық. Осы уақыт, осы сәт турнирдің ұйымдастырылуына себеп.»

Аталмыш бәсекеге қызығушылық танытқандар саны аз емес.Турнирге республикамыздың маңдайлады спортшылары белсене атсалысуда.

САМАЛ БИСЕНОВ – ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ

«Турнирге жалпы он үш команда қатысып жатыр.Сырт мемлекеттен Тәжікстан командасы, елімізден Ақтөбе және Қызылорда облысының құрамалары қатысуда. Бірінші маусым күні ақтық кезеңде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталатын болады.»

Тәжікстаннан келген спортшылар да сайысқа қызығушылық танытып, еліміздің қонақжайлығына тәнті болып отыр.

МҰРТАЗА АСҚАРОВ – БОКСТАН ТӘЖІКСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

«Бұл қалаға алғаш келуім. Ұйымдастырушылар жақсы күтіп алып, орналастырды. Қызылорда халқы өте қонақжай екен, ол үшін үлкен алғыс білдіремін. Турнир жақсы деңгейде өтеді деген ойдамын.»

Жас спортшылардың жеңімпаз атануға деген құлшынысы ерекше.

АБЫЛАЙХАН ҚУАНДЫҚОВ – ЖАС БОКСШЫ

«Дайындық өте жақсы, жарыс басталмас бұрын екі апта нық дайындық жүргіздік. Енді чемпион боламыз деген үміттеміз.»

Бұндай дәрежедегі турнирлер ел боксын жоғары деңгейге көтеретіні анық. Жасөспірімдердің әлемдік деңгейге шығуына берілген зор мүмкіндік десек артық емес. Осындай жарыстар жиі өткізіліп тұрса деген жас боксшылардың арман, тілегі тағы бар.