Бүгін «Даму» қоры барша кәсіп иелеріне арнап есік ашық күнін өткізді. Бұл бизнес бастағысы келіп жүрген және кәсібін одан әрі өрістетуге ниетті азаматтарға жақсы мүмкіндік болды.
Мұнда келгендер мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен танысты. «Даму» қоры кәсіпкерлердің бизнеске алған несиесінің мөлшерлемесін субсидиялап, банк талап кеткен кепілзат жетпеген жағдайда ішінара кепілдік беру арқылы қолдау көрсетеді. Биыл бұл қаржы институтына жүгінген кәсіпкерлер «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында кепілдік немесе субсидия түрінде қолдау ала алады.