Мемлекет басшысы Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті. «Қазақстан-Германия» бизнес форумына дейін Қасым-Жомарт Тоқаев немістің іскерлік орта өкілдерімен кездесті.
Президенттің пікірінше, Германиядағы жетекші компаниялардың Қазақстанға келуі – екі елдің экономикалық ынтымағын дамытуға ниетті екенін көрсетеді. Ондағы бизнес алыптары - инновацияның алдыңғы шебінде келе жатқанын әрі жаһандық тұрақты даму үдерісінде негізгі рөл атқаратынын айтты. Сондай-ақ, Германия Канцлерінің сапары аясында қол қойылған келісімдер мен бірлескен бастамалар Астана мен Берлин арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайта түсетініне сенім білдірді.