#qyzylordatv
Енді жасанды интеллект қазақ тілінде мүдірмей сөйлейді. Жуырда «Әлем LLM» деп аталатын жаңа тілдік модель қолданысқа енеді. Бұл туралы "Қазақ тілі - ғылым мен технология тілі" конференциясында айтылды.
Қазір көпшілік пайдаланып жүрген GPT секілді чат боттар қазақ тілінде тұшымды жауап бере алмайды. Ал «Әлем LLM»-де ана тіліміздегі 6 миллиардтан астам термин бар. Өзіміздің тілдік модель іске қосылғаннан кейін отандық Айти мамандар цифрлық технология жасау үшін шетелдік бағдарламаларға тәуелді болмайды. Айта кетсек, қазір мұндай тілдік модель технология тілін әбден меңгерген АҚШ, Қытай, Жапония және тағы 10 шақты елде ғана бар.
САЯСАТ НҰРБЕК - ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ Тілдің болашағы цифрландыруға тікелей байланысты. Яғни кез келген тіл тірі қаламын десе, цифрлық форматқа бейімделу керек. Сондықтан, еліміздің ең мықты тілдік институттар бірігіп, бүкіл ғалымдардың басын қосып, соның негізінде алғашқы тілдік модельді жасап шықтық.