Облыста құрылыс қарқыны арта түсті. Қазіргі таңда өңірімізде 163 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды "Qyzylorda" телеарнасы.
ЕРЛАН ТӨРӘЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
"9 айда біздің құрылыс саласында өте жақсы қарқынды жұмыстар атқарылды. Нысандардың саны 163-ке жетті. (Олардың құрылысын жүргізу үшін бөлінген қаражат былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есе көбейіп, 80млрд теңге болды.) Қазіргі таңда біз 35 білім беру объектілерін, 25 денсаулық сақтау объектілерін, 17 спорт, 7 мәдениет, 1346 пәтерді құрайтын 26 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп жатырмыз."
Айта кетейік, биыл облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектептің құрылысы басталды. Алдағы 3 жылда тағы 21 білім нысаны салынатын болады.