Фельдъегерлік қызметіне – 35 жыл
Биыл елімізде мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің құрылғанына 35 жыл. Бұл қызметтің тарихы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарымен тығыз байланысты. Осы айтулы мерейтой қарсаңында республикалық байқау ұйымдастырылып, қорытындысында жерлестеріміз бас жүлдені иеленді.
Жалпы фельдъегерлік қызметтің басты ерекшелігі – мемлекеттік маңызы бар құпия және қызметтік құжаттарды қауіпсіз, жедел әрі белгіленген тәртіппен жеткізу. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 24 жұмыс ұсынылған. Мақсат - мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің маңызын ұғындыру. Айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың сөзіне жазылған әнді Бектұрған Жібекәлі сазбен көркемдеп, оны әнші Ринат Үсенов орындаған. Жаңа туынды қазылардың оң бағасына ие болып бас жүлде иеленіп отыр. Жиында шығармашылық өкілдеріне облыс әкімінің алғыс хаты мен фельдегерлік қызметінің 35 жылдық мерекелік медалі табысталды.