Негізгі Жаңалықтар Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі

#qyzylordatv #заңментәртіп 

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі». Құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында осы тақырыпта жиын өтті. Студенттерге арналған іс-шарада құқық қорғау органдарының өкілдері, теологтар және қоғам белсенділері жастар арасындағы қылмысқа қатысты өткір ой, пайымды пікірлерімен бөлісті.


 Бала қауіпсіздігі. Жасыратыны жоқ, бұл жылда көтерілетін тақырып. Сонда да өзектілігін жоймай отыр. Бұзақылық былай тұрсын, кәмелетке толмағандар арасында ауыр қылмыс орын алуда. Биылдың өзінде жасөспірімдердің қатысуымен 39 қылмыс тіркелген. 


 СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ – ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Осы жылдың 8 айында облыс көлемінде 39 қылмыс тіркеліп отыр. Оның 8-і бұзақылық қылмысы, 6-ауы денсауылыққа дене жарақатын салу, 10 ұрлық қылмысы, екі зорлау, екі аффекті жағдайында адам өлтіру және 9 әртүрлі санаттағы қылмыстар тіркелген. Бұл қылмыстардың 17-сі мектеп оқушаларымен және 21-і студенттермен жасалған. 


 Қылмыстың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары тәрбие жұмысын күшейтіп келеді. Кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда. Соған қарамастан статистика сүреңсіз.


 ЕРДӘУЛЕТ ЖАУКЕЕВ – ОПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ 

Әр аптаның жұма, сенбі және мейрам күндері полиция органдары күшейтілген жұмыс түріне көшеді. Онда түнгі қала, квадрат деген арнайы іс-шаралар көше мен қоғамдық орындарда рейд шараларын жүргізіп отырмыз. Нәтижесінде кәмелетке толмаған жастардың арасында 10 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды., олардың ішінде түнгі мезгілде бейберекет ата-ананың қарауынсыз кәмелетке толмағандар. Тағы бір мәселе соңғы уақытта кәмелетке толмаған арасында бір-біріне жарақат салу дерегі. 


 ДІНАХМЕТ БАЙКЕНЖЕ - ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ 

Біздің мақсатымыз заңдылықты нығайту, құқық бұзушылықтарды алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Осы ретте біздер прокуратура, полиция, әкімдікпен бірлесіп бірқатар профилактикалық іс-шаралар өтеміз. Оның барлығы өз нәтижесін беріп жатыр деп есептейміз. Осы жылы кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыс төмендеді, өткен жылмен салыстырғанда. 


 Жыл басынан полиция органдары есірткіні жарнамалайтын жүзден астам граффити жазуды өшіріп, 1500- ге жуық интернет дүкенді бұғаттаған. Жиын барысында спикерлер жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастырып, цифрлық сауаттылықты арттыру жолдарын да түсіндірді.  

Бөлісу