Негізгі Жаңалықтар Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды іске асырмақ

Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды іске асырмақ

#qyzylordatv 

Қазақстан мен Оңтүстік Корея экономикалық әріптестікті одан сайын арттырмақ. Бүгін Сеулде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі ел бірлескен инвестициялық жобалар таныстырылды.


Солардың бірі - Алматыда жергілікті автобөлшектер зауытын іске қосу. Мұнда отандық орындық қаптамасы, еден жабыны, дөңгелек дискілері сынды заттар шығарылмақ. Ал Қостанайда KIA компаниясының Локализация орталығы ашылады. Кәсіпорында көліктің есік панельдері, бамперлері және басқа да құрал-жабдықтары өндіріледі. Бұдан бөлек, медициналық ультрадыбыстық диагностика жүйелерін шығару, Алматыда заманауи көпбейінді аурухана салу және дрондар құрастыру жоспарда бар.

Бөлісу