Ұлыстың ұлы күні қарсаңында төтенше жағдайлар департаментінің техникалық базасы 17 жаңа қызметтік автокөлікпен толықты. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, төтеншеліктерге автокөлік кілтін табыстады.

Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте құтқарушыларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан, өрт сөндірушілердің еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау мемлекет үшін үлкен маңызға ие. Бұл бағытта облыс әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, кешенді жұмыс жүргізіліп келеді. Соның бір дәлелі соңғы 3 жылда бюджет есебінен 11 автокөлік сатып алынған. Енді, міне мереке қарсаңында тағы 17 техникамен толығып отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта жаңадан өрт сөндіру депосы салынады деп күтілуде.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Алдағы уақытта Сырдария өзенінің сол жағлауына 4 шығысқа арналған өрт сөндіру депосын салу жоспарымызда бар. Арал ауданы, Сексеуіл кентіне 2 шығысқа арналған тез құрастырмалы өрт сөндіру депосын салу да біздің жоспарымызда бар. Облыстық бюджеттен құны 1млрд. 900 млл.теңгеге 14 бірлік, және республикалық бюджеттен 266 млн.теңгеге 3 бірлік негізгі өрт сөндіру техникалары табысталуда.

НҰРЛАН ЖАНӘБІЛ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Бұл автокөлік өзі кез-келген төтенше орнынан байланыс пен жарықтандыру қызмет атқарады. //Бүкіл электроқұралдарымен жұмыс жасайтын авариялық құтқару аспаптарын токпен қамтамасыз етеді. Сонымен қоса ішінде радио станциялармен жабдықталған. Бұл көбінесе 220 дан бастап қуаттылығы 380 вольтқа дейін энергия көзін шығарады.

Табысталған көліктердің 14-і 60 метр қашықтықта су шашуға қауқарлы. Заманауи құрылғылармен жабдықталған биік ғимараттарға шығуға арналған арнайы автосаты да бар.

РУСЛАН ҚАЙРАҚБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ // Қазіргі таңда бұл техникалар мониторинг жұмыстарын жүргіземіз. Өзінің тозығы жеткен аудандардғы техникаларды ауыстыратын боламыз. Барлық 7 ауданға да беріледі.

Айта кетейік, 14 бірлік техниканы сатып алу «Өнеркәсіпті дамыту қор» акционерлік қоғамы арқылы лизингтік бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр.