Қызылордада дәрігер тапшы. Сондықтан жас мамандарды даярлауға басымдық берілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова журналистермен кездесуде айтты.

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ //Медицина кадрларының тапшылығы әлі күнге дейін шешімін таба алмай отыр. Осы Қызылорда облысы бойынша бүгінгі күні 154-ке жуық дәрігер жетіспейді. Сондықтан осы медициналық университеті ректорларыменен бірлесе отырып, облысытық әкімдік, облыстық денсаулық сақтау басқармалары негізгі оқып жатқан жастарымыздың осы өңірге келу мәселесіне тездетіп кадр дефицитін жабуға тиісті шараларды, бірлесіп жақсы шешімдерді қабылдауға келіп отыр. //

Министр: «қолда бар кадрдың қолын байлап отырмыз», - дейді. Оның себебі...

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ // Бүгінгі күні біз қағазбастылықтан аламыз деп, цифрлық бастылыққа ауысып кеткен сияқты. Сондықтан дәрігердің бір науқасқа берліген уақытының 70 пайызы цифрлық программаларды толықтырумен өтіп жатады. Сондықтан бұл мәселені де зерттеуге жұмыс тобы құрылыды. Мен ойлаймын жыл аяғына дейін бұл мәселе шешімін табады.

Емдеу ісіне қатысты сонғы үш жылда тұрғындар тарапынан арыз-шағым көбейген. Әсіресе, науқастардың емханадағы дәрігерге тікелей баруы мұңға айналған. Мұны минстрдің өзі де мойындап отыр.

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ // Негізгі себептерінің бірі емханадағы қызметтің ұйымдастыруына байланысты. Үлкен ауруханаларға бару үшін жолдама созылғандығы, тез арада алалмайтындығы. Ауруханаға жату үшін тиісті деңгейде көп анализ тапсыратыны көп айтылды. Жалпы тәжірибелік дәрігерге тікелей кіру, жолдама алу арқылы ғана тар буынды дәрігерлерге кіру мәселесі де өзінің қандай да шешімін кезең-кезеңімен шешіп жатырмыз. Себебі, тиісті бұйрықтарға өзгерістер талап етеді. Бұл күні 20-шақты бұйырық әзірленіп, жұмыс барысында. Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан сол бұйрықтарға өзгерістер енгізу, заңдарға өзгерістер енгізу жұмыстарын бүгінгі күні бастап кетті.

Бұл өзгерістер сапалы ем алуға және осы саладағы қордаланған кейбір мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс.