Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтың ошағы. Қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні ретінде 10 жылдан бері тойланып келеді. Атаулы күнге орай «Атамекен» балалар ауылында «Көңілді старт» спорттық сайысы өтті.

Отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылы мейірімге толы құтты мекен. Бүгінде мұнда 44 жеткіншек тәрбиеленіп жатыр. Оларға үш жылдан бері елге белгілі азаматтар қамқорлық танытып, қанатының астына алған.

ҚАЛАМҚАС КАРИМОВА – ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ // Ол кісілер баланың тәрбиесіне, оқуына жетекшілік жасап, балаларға қамқорлық жасаумен айналысады./ Негізгі бастама, ұсыныс білдірушілер әкелер одағы.

«Көңілді стартқа» 7 команда қатысты. Спорттық шараға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары қатысушыларға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады.

ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ / Осындай шаралар арқылы біз отбасын институтын дәріптеуге, ұлттық құндылықтарымызда насихаттауға септіген тигізетін шаралар деп ойлаймын. Бұл тек қана бір күндік шаралар емес. Жыл көлемінде ауқымды жобалар іске асырылады. Олардың барлығы да біздің жас достарымызға, жас бүлдіршіндерімізге арналған.

Балалар біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Оларға мейілінше мейірім төгіп, тәлімді тәрбие берсең, тұлға боп қалыптасары анық. Спорттық шараның да көздегені осы. Жеткіншектерге отбасының, ондағы әке ұлағатының маңызын жеткізу.

ЕРЖАН ЕСКЕНДІР - «ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» ҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ // Бұл жерде балардың көңілі көтеріледі. Екіншіден, отбасы күні деген әр адамның жүрегінде тұру керек. Өйткені, қазіргі кезде отбасының бұзылуы көп болып жатыр. Сондықтанда біз отбасы құндылықтарын сақтау, оны әрі қарай дәріптеу ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу деген басты мақсат болу керек.

РОМАН ДМИТРИЕВ – ТӘРБИЕЛЕНУШІ/ Бүгінгі отбасылық мереке керемет өтті. Біздің бауырларымыз керемет ойын көрсетті. Осы жарысты ұйымдастырған ағаларға үлкен алғысымды білдіремін.

4 кезеңнен тұратын спорттық сайыста «Ақжайық» командасы үшінші орын алса, «Ұлытау» командасы екінші орынды еншіледі. Бірінші орынды «Байқоңыр» командасы иеленді. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен тәттілер таратылды. «Спорттық шара балаларды жарыстыруға емес, жарастыруға бағытталған» дейді ұйымдастырушылар.