«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қамбаш көлінің жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Қамбаштың маңы кезінде жабайы жағажай болатын. Соңғы жылдары кәсіпкерлік нысандар салынып, демалушыларға жағдай жасалған. Көлдің суы шипалы және күре жолдың бойында орналасқандықтан мұнда шетелдіктер де жиі келіп демалады. Сондықтан мұнда ең бірінші тазалыққа мән беріледі.

БЕРІК СҰЛТАНИЯЗОВ – АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //7181 02:13 «Қамбаш» көлінде тазалық жұмыстары осымен төртінші мәрте жүргізіліп жатыр. Мұнымен қатар, Кәрібөгет су айдындарында да тазалық шаралары белсенді өтуде. «Жас толқын» еріктілер тобы тазалық акциясы бастау алғалы жағажайлар мен саябақ тағы да басқа орындардан 5 мың тоннаға жуық қоқыс шығарды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта белсенді түрде жүргізілмек.//

Жағажайдағы тазалық шарасына Қамыстыбас ауылдық округіндегі мекеме қызметкерлері мен еріктілер, сондай-ақ, тұрғындар жұмылдырылды. Олар көлдің маңайындағы күл-қоқыстарды жинап, арнайы жүк көлігіне тиеді. Тазалық жұмыстары «Кәрібөгет» көпірінің маңайында жалғасты. Табиғат қорғаушылар су айдындарын тазартып, балықшылардан қалған ау құралдары мен пластамасса ыдыстарды теріп, арнайы орынға апарды.

Үлкен-кіші түгел атсалысқан шарада су айдындарының жағалаулары біршама тазартылып қалды. Бұл жұмыстар бір реттік емес, жыл бойы жалғасады, - дейді ұйымдастырушылар