Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, денсаулық жағдайына байланысты өтініштерін жеткізді.

Мәселен, зейнеткер, екінші топ мүгедегі Мария Умарова облыс әкімінен үйіне газ кіргізіп беруін сұрады. Алты баланың әкесі, мүгедектігі бар Бауыржан Жыржисов та көгілдір отынға қол жеткізе алмай отырғанын айтады. Тұрғындардың өтінішін тыңдаған аймақ басшысы демеушілер арқылы көмек көрсетілетіндігін жеткізді. Ал, апатты жағдайдағы тұрғын үй иелеріне жаңа пәтер кезектілігімен, заңдылығына сәйкес берілетіндігін айтты.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \Міндетті түрде саламыз үйді апаттық жағдайда кезекте тұрған кісілерге. Бірақ енді биылға ілігу қиын, келесі жылы қараймыз. Қала әкіміне айтамын шұғыл көбейту керек үйді, биыл 135 болса келесі жылға толық шешіп тастауға жұмыс жасаймыз.