Атом электр стансасын салу мәселесін халықтың өзі шешеді. Осы ұстанымды бағдар еткен қызылордалық профессор-ғалымдар түрлі сала өкілдерімен кездесіп, ашық талқылау жүргізуге көшкен.

"Атом электр стансасы - уақыт талабы",- деген олар Қазақстанның 2050 жылға қарай көміртектік нейтралдылыққа қол жеткізуі керегін еске салды. Бұл міндет Париж конвенциясына сәйкес жүзеге асуы тиіс. Қазақстан бүгінде электр қуатын Ресей мен Қырғызстаннан алады. Атом электр стансасы – тұрақты энергия көзі. Бірінші кезекте көрші елдерге энергетикалық тәуелділіктен арылтады дейді сарапшы мамандар.

 «Анаға тағзым» орталығында мәдениет саласының өкілдерімен кездескен химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрбол Аппазов Атом электр станcасын салу мен онда ескерілуі тиіс халықаралық талаптардың бар екенін түсіндірді.