Биыл Қазақстанның халық жазушысы, кемеңгер тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл. Туған жері Аралды әлемге мәшһүр еткен қаламгердің мерейтойына арналған іс-шаралар легі басталып кетті. Оның алғашқысы Алматы қаласында «Кітап және қаламгер» атауымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференция.

 Жазушының қаламынан шыққан «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдары Арал теңізін бүкіл тағдырымен, проблемасымен әлем оқырманына жеткізді. Елін сүйген ерді елі ұмытқан емес. Қызылорда облысы әкімідігінің қолдауымен өткен жиын соның бір дәлелі. Ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Жыр әннің елі, Тұранның төрі – Сыр елі» атты көрме ұйымдастырылды. Онда Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық тарихы мен Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығымен танысуға болады.

 НҰРЛЫБЕК МЫҢЖАС – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

//Әрмен қарай Әбдіжәміл ағаның өзінің туған жері Қызылорда облысы Арал ауданында да қазан айында үлкен республикалық шара болады. Мұндай тұлғаларды ешқашан ұмытуға да болмайды және іздеу, зерттеу, насихаттау тоқтамауы тиіс. Біз осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз.//

МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ - ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

//Ол кісі тек қана роман жазып қойған жоқ, мынау қоғамдық өмірге де көп араласты. Осы түйткіл болып жатқан, жұрттың бәрінің мазасын алып жүрген проблемаларды ол «Правда» газетінен бастап, «Известия» газетінен бастап, «Литература» газетінен бастап жазды. Өмірінің соңына дейін солай болып келді.

 Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған шаралар мұнымен шектелмейді. Алматыдан басталған шара Сыр өңірінде жалғасын табады. Одан бөлек, Жазушылар одағының ұйымдастыруымен халықаралық конференция ұйымдастырылады.