Байқоңырда 7-ші «Халықтар достығы» фестивалі өтті. Дәстүрлі іс-шараға өңір өнерпаздарынан бөлек алыс-жақын мемлекеттерден өнер ұжымдары келіп, мерекелік кешке сән қосты.
Достықты дәріптеген фестиваль шерумен басталды. Фестивальге Ресей, Татарстан, Белорусь, Грузия, Қырғызстан елдерінен өнер ұжымдары келген.
ҚАЙРАТ НҰРТАЙ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНДЕГІ АРНАЙЫ ӨКІЛІ
Бұл жерде әртүрлі ұлт өкілдері достықта, ауызбіршілікте, келіімде тіршілік жасап жатыр осы ғарыш саласын әрі қарай дамытуда. Бүгін қонақтарымыз да көп. Өйткені кеше зымыран ұшырғанда жан-жақтан туристер кеп тамашалауда. Олар да бүгінгі қаланың іс-шарасына қатысып отыр. Мыңдаған адамдар келіп жатыр. Қазір, Байқоңырда біраз жобалар жасалып жатыр. Мәдени іс-шаралардың екі тілде өтуі, Қазақстан тарапынан қаржыландарылуы, балалардың қазақ тілінде білім алуы мәселелері мектепте, балабақшада ол да ерекше бақылауда//
Ал орталық алаңда түрлі халықтың тағамы әзірленіп, келген қонақтар әр елдің дәмінен ауыз тиді.
Мен ресейдің Черчесск қаласынан келдім. Кеше зымыранның көкке көтерілгенін тамашаладық. Одан кейін, міне, концертке келдік. Маған барлығы ұнап жатыр. Қазақтар өте қонақжай. Келген кезден бастап мерекелік көңіл-күйде жүрмін. Бұл Қазақстанға алғаш келуім. Өте жақсы әсер алып жатырмын//
Біз Татарстаннан келдік. Арнайы топпен бірге өнер көрсеттік. Біз бірінші рет Байқоңырға, Қазақстанға келіп тұрмыз. Бәрі ұнап жатыр. Концерт те тамаша өтіп жатыр. Адағы уақытта Қазақстанға тағы да келгіміз келеді//