Шаһардың шет аумағында жол жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Жаппасбай батыр көшесіне Тесік көпір аумағынан бастап қаланың шыға берісіне дейінгі аралықта асфальт төселуде.

Реконструкция жұмыстарына 20 шақты техника, 50-ге жуық қызметкер жұмылдырылған. Ұзындығы 8384 метрді құрайтын тротуардың бүгінде 40 пайызына жаңа асфальт төселген. Мердігер мекеменің жоспарына сәйкес ауқымды жұмыс қазан айында аяқталуы тиіс.

НҰРЛЫБЕК СЫЗДЫҚОВ - «УАД» ЖШС ШЕБЕРІ //Жолдың берілген мерзімі алты ай. Сол алты ай,мерзімінен бұрын аяқтауды биыл жоспарлап отырмыз. Жол төрт полоса болады. Қазіргі таңда гравинный слойын салып жатырмыз. Бетіне алты сантиметр шыма қарастырылған.