Заңмен кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты 27-і нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізілген болатын. Облыстық прокуратура осы мәселеге байланысты екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесіп, маңызды мәселені ортаға салды.

Мемлекет басшысы Жолдауда банктердің қызметін реттейтін жаңа заң қажет екенін айтқанын болатын. Себебі, қазіргі күні қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Банк қызметі тұтынушыларға барынша қолжетімді болуы тиіс. Сондай-ақ қауіпсіздікке баса мән берген абзал. Себебі елімізде басқа біреудің атынан несие рәсімдеу фактілері көп. Мәселен соңғы бес жылда өңірде интернет алаяқтық фактісімен 1449 қылмыс тіркелсе, оның 146-ы ғана сотқа жолданған. Құқық қорғау органдарының сөзінше тіркелген қылмыстың 16 пайызы ғана ашылған. Прокуратура өкілдері осы мәселеге байланысты екінші деңгейлі банк басшыларын бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.