Полиция қызметкерлері 17 дерек бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен екі қала тұрғынын анықтады. Күдіктілер мемлекеттік бағдарлама бойынша «несие алуға көмектесемін деген сылтаумен жәбірленушілерден 35 млн теңге ақша иемденген.

Полицияға жәбірленушілердің бірі арызданған. Ол алаяқтар несие алуға көмек беремін деп одан 7 млн теңге көлемінде қаражат алғанын айтқан. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған күдіктілердің облыс аумағында жасалған осыған ұқсас алаяқтықтың 17 дерегіне қатысы бары анықталды.