«Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Ел Президентінің Жолдауынан туындайтын бірнеше бағыт бойынша арнайы кездесу ұйымдастырды.

«Бір толқында» диалог алаңының жалпы мақсаты - жастармен ашық пікір алмасу және жаңа идеяларды талқылау болып табылады. Спикерлер қатарында «гранд мастер» бағдарламалау мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев, «Инвестмент эн» мекемесінің директоры Нұржан Оңалбаев және «Сенімен болашақ» бірлестігінің Қызылорда өкілдігінің жетекшісі Шәкизат Қаратайұлы болды. Жастар қанаты ұйымдастырған шараға қатысушыларға Жолдаудың әр бағыты бойынша, оның ішінде атом электр стансасын салу бойынша да ақпарат берілді.

Еске сала кетейік, АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум елімізде 6 қазан күнге белгіленді.