Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 1 наурызынан бастап барлық облыстарда өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу жұмыстарының басталғаны белгілі. Облыс бойынша жалпы бес кезеңнен тұратын конкурсқа 235 үміткер қатысқан. Шешуші кезеңде 25 үміткер жеңімпаз атанып,өңірлік кадрлық резервке қабылданды.

Конкурстың төртінші кезеңі құрылымдық сұқбат форматында өткізілді. Екі қатысушыға қашықтықтан «ZOOM» платформасы арқылы қатысу мүмкіндігі берілген. Бесінші кезеңде өңірлік комиссия жұмысының қорытындысы шықты. Жалпы жеңімпаздардың резервте болу мерзімі 2 жылды құрайды. Алдағы уақытта оларға жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

ЕРЛЕГЕН МЕҢДАЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

//Оның 12-сі әлеуметтік салада,4-еуі индустрия және өнеркәсіп саласында, 3-еуі агроөнеркәсіп, 3-еуі экономика, 2-еуі экология және 1 үміткеріміз цифрландыру саласы бойынша өңірлік кадрлық резервтің тізіміне енгізілді.Конкурс жеңімпаздарының тізімі pkrezerv.gov.kz сілтемесінде жарияланды. Және біздің аумақтық департаменттің ресми сайттарында да жарияланды.//