Үкімет басшысының Сыр өңіріндегі сапары «Жан-Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жалғасты. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытындағы қойманы көрген Премьер-Министр өңір тауар өндірушілерінің көрмесімен танысты.

 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласы кез келген мемлекет экономикасының негізгі секторы саналады. Сондықтан әрбір кәсіпорындағы өндіріс өңір үшін маңызды. Премьер-министр аймақта іске асқан 50-ден астам әлеуетті жобаның жемісімен танысты.

- Өздеріңіз жасайсыздар ма

- Өзіміз жасаймыз. Биыл қостық.

- Алып жатыр ма күштік құрылымдар?

- Алып жатыр. Аймақ басшысы да назарында ұстап отыр.

Көрмеге өнімін қойғандардың бірі – «Асыл Дән» серіктестігі. Ерекшелігі сол Сыр салысын табиғи минералдармен байытқан. Елімізде күріштің бұл түрі әлі кең таралмаған. Сондықтан алдымен экспорттық әлеуетті сынап көрмек.

 «Жан Арай» серіктестігі 2002 жылы құрылса, мұндағы агроөнеркәсіптік кешен 9 жыл бұрын жұмысын бастаған. Әр жылы күріш ақтау және құрама жем зауыты, оқу орталығы, жатақхана құрылысы жүріп, кешен аумағы кеңеюде. Былтыр азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында қойма салынды. Сыйымдылығы 4 мың тонна.

БАҚДӘУЛЕТ МАҚАШОВ – «ЖАН АРАЙ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

10 мың тонналық тамақ өнімдерін сақтайтын Ол жерде біз халыққа қажетті. Жалпы айтқанда 19 түрлі өнім бар ғой негізгі Сол 19 өнімнің барлығы сол жерде сақтаулы. Біз қажетінше бағаның тұрақталуына байланысты көтерілген жағдайда өзіміздің әлеуметтік магазиндер арқылы шығарамыз. Ал көтерілмей тұрған жағдайда арзан кезінде орнын толтырып, әр уақытта бізде сақтауда тұрады.

Бүгінде «Агрокешен аумағында халыққа қажетті азық-түлік өнімдерін толықтай сақтауға мүмкіндік бар» дейді серіктестік басшысы.