Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында белгілі ақын, бірнеше жыр жинақтың авторы Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың шығармашылығына арналған «Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен» атты облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Жас ақындарды ел ішінде кеңінен насихаттап, төл өнерді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 11 талапкер қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.
Нұрмұхаммед Әбілқасымов
Табиғатынан тума талант иесі. Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген ақын арбаға таңылса да, бойынан өмірге деген құштарлығын жоғалтқан емес. Ол аузыменен қаламды тістеп, жыр шумақтарын телефон бетіне түсіріп келеді. «Тағдырымның жанары» және «Тасжарған» жыр жинағы оның төл туындылары.
НҰРМҰХАММЕД ӘБІЛҚАСЫМОВ – АҚЫН
Алланың жазуыменен осындай тағдырға ұшырадық. Бірақ, тағдырға мойымай, құдайға шүкір деп осындай өнерімді баршаға көрсетіп келе жатырмын. Алла маған қанша қиындық бергенімен соған сай адамға да сый береді екен. Алла қаласа келер жылы үшінші жаңа жыр жинағым жарыққа шығады. Осы байқауда жүлделі орын алған жас ақындардың өлең жолдарында сол кітапқа басып шығарсам ба деймін.
Сондай-ақ, сыршыл ақынның талай биік белесті бағындырғанын жұрт жақсы біледі. Атап айтар болсақ, Нұрмұхаммед Әбілқасымов «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» және Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері. Мұнан бөлек, халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің дипломанты, «Алтын қауырсын» номинациясының лауреаты, «Жаншуақ» қоғамдық сыйлығы мен тағы да басқа конкурстардың жеңімпазы атанған. Байқаудың ашылу салтанатында сөз алғандар ақынның өлеңі мен адамгершілігі жайында кеңінен айтып өтті.
ДҮЙСЕНБЕК АЯШҰЛЫ – ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Нұрмұхаммедтің өлеңдері жастарды жігерлендіру, Отансүйгіштікке, адамсүйгіштікке баулитын сондай тақырыптар да қалам тербейді. Бұл байқауда дәстүрлі түрде өтіп келеді. Қатысушы жас ақындар жа шабытпенен жеткізе біліп жатыр. Сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта да жалғасын болғанын қалаймыз.//
Байқауға қатыстқан 11 талапкер екі кезең бойынша сынға түсті. Олар алдымен Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың бір өлеңін жатқа оқыса, екінші кезеңде қазақ ақындарының прозалық шығармаларынан үзінді оқыды.
Қазылар алқасы қатысушылардың дауыс мәнері мен тіл тазалығына, көркем мәтінді жатқа оқу шеберлігіне, сондай-ақ сахна мәдениетіне қарап сараптап, баға берді. Нәтижесінде, бас жүлдені қармақшылық жас ақын Гүлфариза Шакарова жеңіп алды. Ал, Қазалы ауданынан келген Нұрман Бекжан 1-ші орынды иеленсе, сырдариялық Нұрсұлтан Құдайберген екінші орынға, ал Диас Асанов үшінші орынға лайықты деп танылды. Жеңімпаздар мен қалған талапкерлер алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Айта кетейік, ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың шығармашылығына арналған көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы 2019 жылдан бері аудан және облыстық деңгейде ұйымдастырылып келеді. Енді алдағы уақытта республикалық дәрежеде өткізу жоспарда бар.