#qyzylordatv

Арал ауданында бір мезетте 10 мың оқушы сенбілікке шығып, «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты.

Туған жерді түлетіп, қоршаған ортаны таза ұстау - ортақ міндет. Сондықтан игі іске мекеме қызметкерлерімен қатар мектеп оқушылары да қатысты. Бұл бір жағынан табиғатқа деген қамқорлық болса, екінші жағынан өскелең ұрпақты еңбекке баулу. Сенбілік аясында скверлер мен парктер, ескерткіштер маңы тазартылып, әктеп, сырлау жұмыстары жүргізілді. Күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы техниканың көмегімен қала сыртына шығарылды. Аудан әкімі тазалық шарасына белсене қатысқандарға ризашылығын білдірді. Ал, табиғат жанашырлары барша аудан тұрғындарын ортақ іске жұмыла атсалысуға шақырды.

НАЗЫМ ҚАЛМАҒАМБЕТОВА, ОҚУШЫ

//біз осы шара арқылы табиғатымызды аялап және таза сақтауды үйренеміз. Сонымен қатар келер ұрпақта осы акция арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз. Адамзаттың табиғатқа жанашырлықпен қарауы ортақ жауапкершілік деп есептеймін. Осындай игі істер табиғатымыздың көркейіп, келер ұрпаққа сақталуына септігін тигізеді\