Жаңақорған ауданында қызылша ауруымен 22 науқас есепке алынды. Қазір аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде соның 6-ауы ем алып жатыр. Қазір ауданда қызылшаға қарсы балаларды иммундау қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Qyzylorda" телеарнасы.
Жаңақорған ауданында соңғы рет қызылша ауруы 2019 жылы тіркелген. Жұқпалы дерт биыл ғана бас көтеріп отыр. Жыл басынан бері 22 науқас тіркелсе, оның 82 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандар дерт дендегендердің басым бөлігі қызылшаға қарсы екпе алмағанын айтады.
ШЫНАР АЙДАРОВА – АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
"Осы 14 жасқа дейінгі 17 жағдайы яғни, 94 процентін 4 жасқа дейінгі балалар арасында құрап отыр. Тіркелген 22 науқастың 81 пайызы қызылша қарсы екпе алмағандар арасында есепке алынып тұр."
Жағдайдың күрделенуіне байланысты бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес 6 қарашадан бастап алты айдан он бір айға дейінгі балаларды қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталды. Жаңақорғанда егуге жататын 700-ден бала бар. Қазір аудандағы медициналық мекемелерде иммундау жүргізіліп жатыр.
АСХАН ОТАРБЕКОВ – АУДАНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГ-ДӘРІГЕРІ
"Қазіргі таңда ККП вакицнасын салып жатырмыз балаларға. 1000 дозадай базадан алдық кеше складтан. Қазір 250-дей балаға салып қойдық. Вакцияна жеткілікті. Күнделікті түсіндірме жұмыстарының арқасында ата-аналар түсініп салғызып жатыр."
Қазір эпидахаул әлі де тұрақсыз. Сондықтан көпбейінді аурухана жанынан 30 төсек дайындалған. Оған қоса, 20 орын резервте тұр. Айта кетейік, облыста жыл басынан бері қызылша ауруының 800-ден жағдайы тіркелген. Оның басым бөлігі балалар