Негізгі Жаңалықтар Қызылорда командасы көш бастады

Қызылорда командасы көш бастады

#qyzylordatv 

Қызылордалық каратэшілер Қазақстан чемпионатында командалық есепте үздік нәтиже көрсетті. WKF нұсқасы бойынша каратэнің «Шито-рю» түрінен Тараз қаласында өткен жарыста облыстың командасы 47 медаль жеңіп алып, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.


 Елімізді түрлі өңірлерінен келген үздік спортшылар татамиде өзара сынға түсті. Қызылорда облысының өкілдері 18 алтын, 10 күміс және 19 қола медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже облыс командасына жалпы есепте қарсыластарын басып озып, жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілуіне мүмкіндік берді. Ұлттық чемпионаттағы сәтті өнер көрсету өңірдегі каратэ спортының жоғары деңгейде дамығанын және жергілікті спортшылардың тыңғылықты дайындықтан өткенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бөлісу