Негізгі Жаңалықтар «Мерейлі отбасы – 2026»: Байқау жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы – 2026»: Байқау жеңімпаздары марапатталды

#qyzylordatv 

Қазалыда «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының аудандық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. 


 Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқауға биыл аудан бойынша 24 отбасы қатысқан болатын. Олардың арасынан төртеуі үздік деп танылып, марапат мінберінен көрінді. Атап айтсақ, Майлыбас ауылдық округінде тұратын Сыдықовтар отбасы жүлделі үшінші орынға ие болса, Тілеповтер екінші орын алды. Ал, Тасарық ауылының тұрғындары Шахмарановтар әулеті бірінші орын иегері атанды. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде Досхожаевтар отбасы бас жүлдені жеңіп алды. Бір шаңырақ астында қырық жылдан астам ғұмыр кешіп келе жатқан Әли Ақмырзаұлы мен Сәлия Ахмедова 13 ұрпақ өсіріп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырды. Салтанатты шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов отбасы институтын нығайтып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген өнегелі отбасыларға алғысын жеткізді. 


Бөлісу