Тікелей тұтынушыға жеткен өнімдер
#qyzylordatv
Өндірушілерден тікелей тұтынушыға жеткен өнімдер. Байқоңырда дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Қармақшы ауданының тауар өндірушілері қала тұрғындарына өз өнімдерін әкелді.
Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы өндірушілері жәрмеңкеге 34 жүк көлігіне тиелген өнімдерін алып келді. Сауда орындарында 18 тонна қарбыз бен қауын, күріш пен көкөністің әрқайсысынан бес тоннадан жеткізілген, Сондай-ақ екі тонна балық, ет, сүт және басқа да өнімдер ұсынылды. Бағалар нарық құнынан орта есеппен 15–20%-ға төмен болды. Байқоңырлық тұрғындар күнделікті қажетті тауарлармен қатар, көкөніс пен бақша дақылдарын да қорға жинап алды. Мұндай жәрмеңкелер – тұрғындарға жергілікті шаруалардың өнімдерін тікелей және қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп отыр