Жергілікті әскери басқару органдарына – 35 жыл
#qyzylordatv
Биыл жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына - 35 жыл. Атаулы датаға орай облыс орталығында салтанатты шара өтті.
Жергілікті әскери басқару органдары ҚР Қарулы күштерін және өзге де әскери құрылымдарды жеке құраммен жасақтауға, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында жұмыс атқарып келеді. 35 жыл ішінде облыстық жергілікті басқару органдары мерзімді әскери қызметке 50 мыңға жуық азаматты жөнелтіп, 2 мыңға жуық офицер мен сержантты әскери оқу оқу орындарына бағыттады. 850-ге жуық запастағы офицер әскери қызметке жолданды.
АЙБЕК ЖЫЛҚЫБАЙ – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ, АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Бүгінгі таңда әкімдікпен жергілікті әскери басқару органдары бірлесе жұмыс атқаруда. Облыстан көктемгі мерзімді әскерге шақыруды ҚР Қарулы күштері басқа да әскери құрылымдарға 100 пайыздан астам орындады. Бұдан бөлек әкімдік тарапынан әскери шақыру комиссиясы уақтылы үйлестіріліп, қызмет сапасын арттыру мақсатында медициналық, басқа да құрал-жабдықтармен жабдықталып келеді.
Бүгінде облыста 10 жергілікті әскери басқару органы қызметтік міндеттерін атқару барысында цифрландыру мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда.
МЫҢДІЛДА РШАУОВ – «ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ АРДАГЕРЛЕРІ» РҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл мекеменің басты міндеті жұмылдыру ресурстарының есебін жүргізу, мерзімді әскери қызметке жастарды шақыру, ресрстар есебімен Қарулы күштердің беделін арттыруға, оның айбынын көтеруге, қабілетін арттыруға қосып жатқан үлесі көп. +Жергілікті әскери басқару органы Қорғаныс министрінің қоғамдық қабылдау деп айтылады. Бұл әскер мен халықтың арасындағы байланысшы мекеме.
Жергілікті әскери басқару органдарының негізгі қызметтерінің бірі – азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру. Іс-шара жылына екі мәрте ұйымдастырылады. Күзгі шақыру маусымы 1 қыркүйектен басталды.
ЕРБОЛ ӨТКЕЛБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жоба бойынша шамамен 900-ге жуық баланы жөнелтуді жоспарлаудамыз. Бүгінде ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне аттандырып жатырмыз. Сонымен қоса Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан әскер түрлеріне жіберудеміз//
Іс-шарада сала ардагерлері мен әскери қызметшілер құрмет төрінен көрініп, марапат табысталды.
Салтанатты жиын концертке ұласып, сала мамандары думанды кештің куәсі болды.