«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде Байқоңыр сақшылары 14 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, хаттамалар толтырды. Қоғам қауіпсіздігі үшін кез-келген құқықбұзушылықтың алдын алу маңызды. Сондықтан «Құқықтық тәртіп» іс-шарасына жергілікті полицейлермен қатар еріктілер де жұмылдырылған. Олардың көбі колледж студенттері. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне жылдамдықты межеден асырмай, жол ережелерін сақтауды ескертті. Тәртіпке бағынбағандарына шара көрілді.

МӘДИ КӘРНИЕВ – ҚР ІІМ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ӘПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙІ

//Мерседес автокөлігі тоқтатылды. Бұл көлік құралының алдыңғы жарықшамы конституциялық талаптарға сай келмейді. Лэд шамын жағып алған. Қолдан жасап алған. Сол жөнінде әкімшілік хаттама рәсімделеді//

АЛМАСБЕК МӘУЛЕНОВ - ҚР ІІМ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

//Қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызметкерлер бөліп, күнделікті кешенді жұмыстар атқарылуда. Бүгін көлік құралын масаң күйде басқарған жүргізу анықталып, оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 68-бабының , 6-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделіп, Қармақшы аудандық сотына тиісті шешім қабылдауға жолданды.//

Рейд барысында 14 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттамалар толтырылды.