Наурызнаманың онкүндігі аясында қала көлемінде жаппай сенбілік өтті. Қазір қаладағы каналдар тазаланып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, облыс орталығында үлкенді-кішілі 17 канал бар. Бүгінде арық желілерін, су көздерін ашу шаралары жалғасуда. Жауаптылар алдағы айда қалаға аяқсу берілетінін жеткізді. Шаһар басшысы биыл облыс орталығын тіршілік нәрімен қамтуға ерекше екпін берілетінін айтты. «Жасыл даму» мекемесі арқылы қажетті техникалар алынып, аяқсу құбырлары, насостар орнатылады.

Сондай-ақ, биыл қаланың шет аймақтарын дамытуға ден қойылмақ. Бірақатар көшеге жол салынып, жарықтандыру шаралары жүргізіледі.

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ

"Қаланың шет аймақтарында биыл да біраз жұмыстар жасалып жатыр. 19 көшеге асфальт төселеді. 3 көшеге тасжол төселеді. 20 көшеге жарықтандыру жасалады. 7 көшеге тротуар бар. тек қана қаланы орталығы ғана емес, шет аймақтарға да ерекше назар бөлінеді."