Ғасырдан-ғасырға жалғасқан салт-дәстүрлеріміз ұлтты ұйыстыратын негізгі діңгек саналады. Наурызнаманың онкүндігі аясында құндылықтарымыз кеңінен дәріптеліп жатыр. Мәселен, халқымыз қашанда бүлдіршіннің ең алғашқы қадамын елеусіз қалдырмаған. Жақын-жұрағатты жиып, тұсаукесер рәсімін өткізеді. Жаһандану дәуірінде біз осы тұсаукесер рәсімінің мән-мағынасын жіті біліп жүрміз бе?

Тұсау кесу - қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі ең әдемі дәстүрдің бірі. Бұл салт сәби қадамын нық басып, тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалады.

Міне, наурыз мейрамында 1 жастағы Айшаның үлкен өмірге алғашқы қадамы басталды. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Тәй-тәй басқан бөбектің тәтті қылығына ата-әжесі мәз-мейрам. Иә, тұсаукесір рәсімі тұнып тұрған тәрбие. Мәселен, қойдың тоқ ішегімен бала бай, бақуатты, рызығы мол, өмірі майдай жайлы болсын деп кеседі.

ОРАЗКҮЛ АХМЕТОВА – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ // Тұсаукесу рәсімінің бірнеше тәсілі бар ғой. Ешкімнің алажібін аттамасын, адал болсын деген ниетпенен ақ жүн мен қара жүнді иіріп, баланың тұсау кесуіне дайындайды. Оған ақ күмістей таза болсын мықты берік болсын деп күміс теңгелер тағатын болған. +көгеріп көктесін деген ниетпен де көкшөппен де кеседі шырақтарым.

Тұсауды білімді, өнерлі, баланың ата-анасы сыйлап-құрметтейтін адамға кестіреді. Ескеретін жайт, тұсауды қайшымен кеспейді. Өйткені, қайшымен кессе, бала шалыс көп басады, өмірі қайшылықты болады деп есептеген.

ҰЛБОЛСЫН БАКИРОВА – ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ //Кішкентай немеремнің тұсаукесерін «Анаға тағзым» орталығында жасауды міндет тұттым. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне қарсы. Осындай тойларымыз көп болсын. Және де қазақтың ұлттық қолөнер алып келіп жатырмын. +++

Бір ұлтты екіншісінен ерекшелендіретін негізгі фактор: тілі, ділі, тарихы мен салт-дәстүрі. Салт-дәстүр қоғаммен бірге ұдайы жаңарып, жаңғырып отырады. Соның ішінде тәй-тәй басып келе жатқан баланың тұсауын кесу бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан керемет дәстүр.