«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында облыс орталығында оқыту семинары өтті. Бұл іс-шара ақпараттық-түсіндіру топтары қызметкерлерінің білімін жетілдіруге арналған.

Дін істері комитетінің қолдауымен жүзеге асып жатқан шара аталған салада білікті мамандарды дайындауға бағытталып отыр. Алматы қаласынан арнайы келген спикерлер тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың жалпы қоғамға, неке және отбасы құндылықтары мен адам денсаулығына әкелер қаупін айтып өтті. Сондай-ақ әлеуметтік желіде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына ерекше тоқталды. Қатысушыларға интернет арқылы тәрбиелік мәні зор контент жасауға икемделу жолдары мен жамағатпен байланысты әлеуметтік желі арқылы орнату жайы айтылды.

ТӨЛЕГЕН ТАЛДЫБАЕВ – «НҰР-МҮБАРАК» УНИВЕРСИТЕТІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Бұл жерде платформаларды қалай қолдану, жоспарларды қалай жасау, тақырыптарды қалай таңдау, адамдарға өтетін қылып, түсінікті қылып, жүрегіне жететіндей жасау және таратылым мәселесі. Әрбір әлеуметтік желінің өзіне тән алгоритмі бар. Түсрілімдерді сапалары, спикерлер қалай таңдаймыз. Осы мәселелерге қатысты, қазір енді ақпараттық қоғам. Адамдардың бәрі смартфонда отыр. Офлайн кездесулер кішкене ескірді. Сол үшін жаңа бағытқа қарай өту үшін. Соның төңірегінде бүгін мамандарды дайындап жатырмыз».