Шұғыл көмек қажет! Қиын жағдайға душар болған қала тұрғыны Нұрия Орынбаева қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр. Сал ауруына шалдыққан қызына шетелде операция жасату үшін қомақты қаражат керек. Операция 10-шы сәуірге жоспарланған. Рамазан айында осы отбасыға қол ұшын созған қайырымды жандар табылғанымен дәрігерлердің сұрағанына ақша әлі де жеткіліксіз болып тұр.

«Қызымның жүргенін қалаймын. Бірінші арманым осы қызымды жүргізу. Қызым жүрсе класының қыздарымен...»

Қала тұрғыны Нұрия Орынбаеваның жатса да, тұрса да уайымы осы. Бірақ үмітін үзген емес. Перзентінің аяққа тұрып кететініне сенеді. Тапқан-таянғанын түгел қызының еміне жұмсап отырғанын айтады. 12 жастағы Аяулымға туабітті спастикалық диплегия диагнозы қойылған.

НҰРИЯ ОРЫНБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Қызым қазіргі таңда тырысып қалады. Аяқ-қолын жинап тастаған. Қолын ашуы да өте қиын. Мұғалімдер сабақ оқытқан кезде де қазір қолын аша алмайды. Тек қана ауызша. Енді жасы келген сайын уже қызым қиындап бара жатыр. Қозғалуы бәрі. Біз ай сайын ЛФК-ларын алып отырамыз. Бірақ соның өзінде спастикасы кетпей жатыр».

Жалғызбасты ананың айтуынша, қызының дертіне елімізде дауа іздеп таппағандықтан , медицинасы дамыған елдерге сұрау салған.

НҰРИЯ ОРЫНБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Біз қазір қызыма ота жасауға Украина еліне шақырту алып отырмыз. Осы отадан кейін қызымның жақсы болуына мүмкіндігі бар. Қаражат жағы өте үлкен сумма болып тұр. Суммасы 5 миллионды құрап отыр. Барша мейірімді жандардан қызымның еміне көмек сұраймын.

Аяғынан тік тұруға талпынып жүрген Аяулым да сұхбат беруге дайындалып отыр екен. «Анам мен үшін шырылдап жүр, жүрегін ауыртқым келмейді», - деп өз еміне көмек сұрады.

АЯУЛЫМ ОРЫНБАЕВА

«Мектепке барғым келеді. Доктор болғым келеді. Маған көмектесіңдерші. Анашымның көз жасын көрдіңіздер ғой. Сондықтан көмектесіңіздерші».

Операция сәуір айында жасалуы керек екен. Оған аз уақыт қалды. Қасиетті Рамазан айында Аяулымға көмектесем деген жомарт жандар табылса, экрандағы реквизиттердің жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

4400 4301 3578 0895 NURIA ORYNBAEVA 8 776 850 8507 Нурия.О